Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

BoxingScene мәліметінше, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион рингке 13 мамырдаоралады.

29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болмақ.

Жекпе-жек 12 раундтан тұрады. Дегенмен, өтетін орны әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды