Әлімханұлы қараша айында рингке шығатын болды

Орта салмақта WBO Global және WBC Continental America's белдіктеріне ие Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) 5 қарашада жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

 
Алматы, NEGE. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Жәнібек биылғы 5 қарашада Лас-Вегаста тәжірибелі француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамға (38-5, 21КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айқас алдында қазақстандық спортшы бокстағы өзінің бірегей стилі туралы тағы бір мәрте мәлімдеді.

«Мен басқалардан ерекшеленемін және оны бәрі біледі. Менде басқа мәнер бар. Қазақ мәнері — әлемдегі ең үздік мәнер. 5 қарашада мен оны көрсетемін», - деп жазды Жәнібек Twitter-де.⠀

Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін биылғы маусым айында Лас-Вегаста да өткізген болатын. Онда ол WBA Regular нұсқасы бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Роб Брантты (26-3, 18КО) мерзімінен бұрын сегізінші раундта жеңген болатын.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды