Әлімханұлы әлем чемпионымен жекпе-жекке шыға алмайды

Қазақстандық Жәніек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шыға алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Жәнібек WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін, Әлімханұлы - Чарло айқасы жанкүйерлердің тамашалағысы келетін жекпе-жектер тізіміне кірген еді.   

Алайда спорт журналисі Квинтон Д. Лилли қазақстандықтың неге Чарломен жұдырықтаса алмайтынын түсіндірді.

"Джермалл мен Жәнібектің жекпе-жегі ешқашан өтпейді. Боб Арум мен Эл Хэймон оларды бір-біріне қарсы қоймайды", - дейді автор.

Қазақстандық боксшының өзге қарсыласы болуы мүмкін чемпион - WBO тиулына ие Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) екені айтылуда.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды