«Сергек» жүйесі алимент төлеуден қашқандарды анықтауға көмектеседі

Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарғандардың көліктерін борышты өндіру үшін алып қоюға «Сергек» жүйесі көмектесетін болады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты.

Алматы, NEGE. «Биыл бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт бар. Біріншіден, республикалық палатамен бірлесе отырып, сот орындаушылардың ақпараттық жүйесін «Сергек» жүйесімен ықпалдастыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, «Сергек» жүйесі орнатылған қалаларда көлік құралдарын табу оңай болады. Соның нәтижесінде алимент бойынша борышкерлерден көліктерді алып қою арта түседі деп ойлаймыз», - деді вице-министр Zoom платформасында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар, ол өткен жылы қабылданған заң аясында сот орындаушыларының жауапкершілігі күшейтілгенін айтады.

«Бұл жауапкершілік әлеуметтік маңызы бар істер бойынша арта түсті. Яғни, сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар істерді ілгерілетті және бізбен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр», - деді Алмат Мадалиев.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады