«Алимент төлеу қоры» 1 миллион теңгеден береді

Әділет министрі Марат Бекетаев «Алимент төлеу қорына» қаражат жиналып жатқанын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Алимент төлеу қоры» атты жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының жанынан арнайы әлеуметтік қор құрылды. Қазіргі таңда тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін осы қорға қаражат жинау кезеңі өтіп жатыр. Бұл ақшаны таратпас бұрын оны алдымен жинап алайық деп отырмыз», – деді Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, қорға жиналған қаражат арнайы тәртіппен таратылады.

«Алимент алуы тиіс азаматтардың бәріне бірдей ақша беру мүмкін емес екенін бірден айтайын. Себебі ақша бәрінің қажеттілігін өтеуге бәрібір жетпейді. Сыйлы әрі абыройлы адамдардан тұратын арнайы комиссия құрылды. Оны бұрынғы сенатор Серік Байсейітұлы Ақылбай басқарады. Оның құрамындағы мүшелердің тізімін жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының сайтынан көре аласыз. Нақты сол адамдар кімге қандай көмек берілетіні туралы шешім қабылдайды. Қаражат тек мұқтаж азаматтарға беріледі», – деді ол.

Оның сөзінше, бір адамға 1 миллион теңгеден артық берілмейді. «Нақты шешімді қорға қаражат жинау жұмысы аяқталғаннан кейін қабылдаймыз», – деді Марат Бекетаев.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған