Алимент төлемеген ана сотталуы мүмкін

Павлодар қаласының полициясы баласына алимент қарыз әйелді анықтады. Анасының бала алдындағы борышы 13 жыл бойы өтелмеген.

Алматы, NEGE. «13 жылдан бері кәмелетке толмаған баласын асырауға қаражат төлеу жөніндегі сот шешімін орындамады деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері өңірде осындай бес факті тіркелген.

«Біздің елімізде алимент төлемеу мәселесі ұзақ уақыттан бері тек отбасы ішінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік проблемаға айналды. Сот шешіміне қарамастан, көптеген жауапсыз азаматтардың алимент қарызы жыл сайын өсіп келеді, ал кейбіреулерінде айтарлықтай сомаға қол жеткізілді», – деп түсіндірді Ж.Қайыров.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр