Алимент төлеуден жалтарып жүрген таксишілер Yandex арқылы анықталмақ

Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

freepik.com

Астана, NEGE. Прокуратураның мәлімдеуінше, қалада қасақана алимент төлемейтіндердің нақты табыстарын жасыру фактілері анықталған. Олардың құжат жүзінде жұмыссыз болғанымен, іс жүзінде цифрлық платформалар, оның ішінде Яндекс Такси сервистері арқылы табыс тауып отырғаны атап өтілген.

«2025 жылы 110 осындай факті анықталды, 57 адамға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген ресми хабарламада.

Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan арасындағы келісім жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел ақпарат алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді.

Бұл шара қасақана алимент төлемейтіндердің санын азайтып, балалар құқығын қорғауға ықпал етеді деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды