«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді
Олар мемлекет алименттің уақытылы төленуін ғана қадағалайды, ал оның қалай жұмсалатыны бақылаусыз қалып отыр деп есептейді. Осыған байланысты депутат Әділет министрлігінен алименттің мақсатқа сай жұмсалуын бақылау қалай қамтамасыз етілетінін сұрады. «Соңғы уақытта алимент төлеушілер “Егер оның балама жұмсалатынына көзім жетпесе, неге төлеуім керек?” деген сұрақты жиі қояды. Сондай-ақ “неліктен мемлекет алиментті өндіріп алуды бақылайды, бірақ оның жұмсалуын бақыламайды?” деген пікірлер де айтылып жүр», – деді депутат.
Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, азаматтар мемлекет алименттің уақытылы төленуін ғана қадағалайды, ал оның қалай жұмсалатыны бақылаусыз қалып отыр деп есептейді.
Осыған байланысты депутат Наталья Дементьева Әділет министрлігінен алименттің мақсатты пайдаланылуын бақылау қалай қамтамасыз етілетінін сұрады.
«Соңғы уақытта алимент төлеушілер “Егер оның балама жұмсалатынына көзім жетпесе, неге төлеуім керек? Ол бұрынғы жұбайымның жеке шығындарына кететін шығар” деген сұрақты жиі қояды. Сондай-ақ “неліктен мемлекет алиментті өндіріп алуды бақылайды, бірақ оның жұмсалуын бақыламайды?” деген пікірлер де айтылып жүр», – деді депутат.
Әділет министрінің орынбасары Бекболат Молдабеков бұл мәселенің өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес алименттің қалай жұмсалып жатқанын сот арқылы тексеруге болады. Алайда мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
Оның сөзінше, қазір алимент қаражатының жұмсалуын бақылау тетіктерін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, алимент алушыдан қаржының қалай жұмсалғаны туралы есеп талап ету мүмкіндігін енгізу ұсыныстары талқылануда.