Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE.  "Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов болды.