Әлихан Смайылов та Әз Наурыз мерекесімен құттықтады

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов қазақстандықтарға осындай

тілегін білдірді.

Алматы, NEGE. «Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.

Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.