Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті

Доха қаласында өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті

Алматы, NEGE. Тараптар медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Power International Holding -  Таяу Шығыстағы ірі конгломераттардың бірі. Оның қатысуымен футболдан Әлем чемпионаты қарсаңында Қатарда үлкен объектілер салынды. Холдингтің негізгі бағыттары құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау сынды салаларды қамтиды. 

«Бұлардың барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым секторлар болып табылады. Біздің өзара тиімді серіктестікті дамытуымыз үшін зор әлеуетіміз бар», — деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол Power International Holding-і Қатар мен Қазақстан арасында әріптестік байланысты орнату және дамытуда өзіндік көшбасшыға айналғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды