30 августа 2023 г. 14:57
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Алматы, NEGE. «Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі.
Қазақстан Конституцияның мызғымас нормаларына сүйене отырып, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадамдарды жүйелі түрде жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.
Барша қазақстандықтарға амандық пен береке, еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!», – деді құттықтауында.