Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді

Тегеранда Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды.

Алматы, NEGE.  Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.  

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі.

Атап өтетін жайт, ҚР Премьер-Министрінің сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.