Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді
ресми сайт
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің ы.
Алматы, NEGE. Отырыста инвестициялар тарту бойынша 2021 жылы нысаналы индикаторлардың орындалу қорытындысы және 2022 жылға арналған жоспарлар қаралды.
2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3%-ға артық. Инвестициялар өсімінің негізгі локомотивтері экономиканың шикізаттық емес секторлары болды. Мәселен, инвестициялардың нақты көлем индекстері өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есе, құрылыста 1,2 есе, ауыл шаруашылығында 1,3 есе өсті.