Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Фото:gov.kz

Алматы, NEGE. Қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, сондай-ақ тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.