Әли Ахмедов кезекті жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. BoxRec порталының ақпаратына сәйкес, 25 жастағы Әли Ахмедов 33 жастағы америкалық Скот Сигмонға (34-14-1, 17КО) қарсы айқасады. Кездесу Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді және 10 раундқа есептелген. Еске салсақ, қазақстандық профи мұның алдындағы жекпе-жегін 2020 жылдың 18 желтоқсанында Голливудте өткізіп, эквадорлық Карлос Гонгорадан (19-0, 14КО) жеңілген еді. Сондай-ақ аталмыш аккаунттың хабарлауынша, қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) 27 ақпанда рингке оралады. Жеңіліп көрмеген бірінші орта салмақтағы спортшы Алматыда MTK Kazakhstan өткізетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсыласы – 39 жастағы ресейлік Денис Царюк (12-4, 10КО). Ә.Балоев кейінгі айқасын Алматыда тамыз айында өткізген болатын. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Юрий Быховцевті жеңді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?