16 сентября 2024 г. 16:08

Әли Алтынбаев ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фото: gov.kz

Әли Алтынбаев ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда. 

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Тұран" университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Ол өзінің мансабын 2001 жылы Салық комитетінің Еңбекшіқазақ облысы бойынша жанама салықтар бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001-2020 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің атқарушы және басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;

2020-2021 жылдары – ҚР ҚМА Экономикалық тергеу департаментінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;

2021-2022 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы;

2022 жылдың маусымынан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары болды.