17 апреля 2025 г. 0:49

Әли Әлиев ресми түрде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Фото: ҚФФ

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. Әли Әлиев 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында «ЦСКА-Қайрат», «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шығыс», «Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнады.

Сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диарбакырспор» командаларында ойын көрсеткен.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында алғашқы матчын 2002 жылы Эстонияға қарсы өткізді.

Бапкерлік мансабын 2014 жылы «Ордабасы» сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастады.

2018 жылы «Қызылжар» клубының тізгінін ұстап, Премьер-лигаға шығарды. 2021 жылы Қарағандының «Шахтер» клубында бас бапкер болса, одан кейін «Астана» футбол клубының жастар командасын басқарды.

2022 жылы «Жеңіс» командасын жаттықтырды. Қайтадан «Қызылжарға» оралып, петропавлдық клуб УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына дейін жетті.

2025 жылдың қаңтар айында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.