Алғыс айту акциясы қарқын алды

Алматыда іске қосылған Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған еске алу және алғыс айту акциясы әлеуметтік желілерде қарқын алды

Алматы, NEGE. "Каникулы Off-Line 2" фильмінде ойнаған қазақстандық жас актер Айбар Таңғыт өзінің Instagram парақшасында #ҰлыДалаБатырлары челленджін іске қосты.

Жас актер өзінің атасы 391-ші атқыштар дивизиясы 1024-ші атқыштар полкінің жауынгері Қазкен Тыштықбаевтың әскери ерліктері туралы айтып берді.

Бұл челлендж тек Ұлы Жеңісті ғана емес, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиған батырларымызды да ұмытпауға шақырады.

Аталмыш акцияны көптеген қазақстандық атақты адамдар қолдады. Олардың арасында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Сәдуақасова, актер, режиссер және продюсер Санжар Мәдиев, бизнесмен Бейбіт Әлібеков және спортшы Алдияр Әлібеков, әнші Әлішер Каримов, актриса Дина Тасбулатова, артист әрі сиқыршы Мұрат Мұтұрғанов, актриса Бибігүл Ақтан, актер Ермек Тұрғанбек, "BestBrothers" музыкалық тобы, сондай-ақ жас жұлдыздар: актер Бекет Мукенев, иллюстратор Ханифа Мағжан, актриса, журналист және блогер Аружан Хафиз, модель Кристина Кириченко, актер Айбат Олжатай және тағы басқалар бар.

Жоба қатысушылары сондай-ақ, халық жадындағы батырлардың ерліктерін мәңгі есте қалдыру үшін бәрімізді осы қатарға қосылуға шақырады. Соғыс қаһармандары біз үшін отаншылдық пен адалдықтың, адамгершілік пен абыройдың биік үлгісі. Осынау рухани құндылықтарды сақтау және ардагерлерімізді мейірім мен қамқорлыққа бөлеу аса маңызды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады