Алғашқы жарнаның жыры. Қазақ НЕГЕ 20 пайызды жинай алмайды?
Мемлекет арзан ипотека енгізсе де, енді проблеманың басқа түрі қылаң беріп отыр. Азаматтар алғашқы жарна жинай алмай отырғандығын айтып шағынуда. Ондай мәселе туындайтынын күтпеген үкімет басында абдырап қалған еді. Артынан ес жиып, әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй сертификаттарын ойлап тапты.