Алғашқы оқиға: індеттің екі бірдей штаммын жұқтырған

Исландиядағы науқастардың бірінен коронавирустың екі бірдей штаммы анықталды. Бұл туралы Reykjavík Grapevine журналы deCODE биофармацевтикалық компаниясының басшысы Кари Стефанссонға сілтеме жасап хабарлады.

Алматы, NEGE. Екінші штамм – Қытайдың Ухань қаласында  пайда болған коронавирустың бастапқы нұсқасының мутациясы. Сарапшының айтуынша, бұл қосарланған инфекцияның алғаш рет бой көрсетуі.

Мутацияланған штамм алғашқы нұсқасынан әлдеқайда белсенді болуы мүмкін. Науқастың оны қайдан жұқтырып алғаны әзірге белгісіз.

Халықаралық мәліметтер базасына сәйкес, Исландиядан тыс жерде мұндай қосарланған коронавирус табылған жоқ.

France Press агенттігінің хабарлауынша, 24 наурызда Исландияда коронавирустық инфекцияның 588 жағдайы тіркелген. Жергілікті ақпарат құралдарындағы мәліметке қарағанда, бір адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласы туралы Конституциялық заң қабылданды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?

Астаналық жігіт елді әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып алдаған

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ