Алғашқы алтын: Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды

Алуа Балқыбекова Амманда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова жартылай финалға жетіп, алтынға таласуға мүмкіндік алған еді. Ал бүгін финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан жерлесіміз алтынды жекпе-жексіз иеленіп отыр.

Осылайша еліміздің маңдай алды былғары қолғап шебері өткен жылғы жетістігін қайталап, Азияның екі дүркін чемпионы атанып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды