11 октября 2025 г. 17:33

Алғашқы АЭС атауы байқауына 27 мыңнан астам адам қатысты

Фото: Фото: ғаламтордан
eGov Mobile арқылы өтініш қабылдау аяқталды.

Алматы, NEGE. Қазақстанның алғашқы атом электр станциясына атау беру байқауына 27 мыңнан астам азамат қатысты, деп хабарлайды Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Байқау 25 қыркүйекте eGov Mobile қосымшасында басталып, 10 қазан түнгі 23:59-да аяқталды. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар 27 мыңнан астам нұсқа жолдаған.

«Азаматтардың белсенділігі халықтың атом энергетикасын дамытуға деген зор қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаларға үлес қосуға дайын екенін көрсетті», – делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі уақытта барлық ұсыныстарды өңдеу және жүйелеу процесі жүріп жатыр.

  • Бірінші кезеңде мамандар атауларды талдап, жиынтық есеп дайындайды;
  • Кейін бұл материалдар конкурс комиссиясының қарауына жіберіледі;
  • Қорытынды отырыс қазан айының соңында өтіп, нәтижесінде АЭС атауы бекітіледі.

Атом энергетикасы агенттігі байқаудың маңызын атап өтті.

«Бұл бастама – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалогтың нақты мысалы. Байқау ел тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын айқын көрсетті», – делінген хабарламада.