28 сентября 2025 г. 11:29

Алғашқы АЭС атауы: 1 күнде 10 мыңға жуық ұсыныс түсті

Фото: gov.kz
АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды.

Алматы, NEGE. Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті.

Айта кетейік, оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте "АЭС-ке атау ұсыныңыз" деген баннер орналастырылған.

Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау.

Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:

тілді таңдау (қазақ немесе орыс);

атаудың өз нұсқасын ұсыну;

қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;

конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.

Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.

Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.