1 декабря 2025 г. 15:01
Алғабастағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз қайтыс болды
18 қараша күні Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді. Үш адам жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.
Астана, NEGE. Жансақтау бөліміне жеткізілгендердің ішінде 7 жасар қыз болды. Дәрігерлер жедел шаралар қолданғанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
«2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас көз жұмды. Орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады», – деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Марқұмның мәйіті жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.