Әл-Фараби орталығы ашылды
Елордадағы Оқушылар сарайында әл-Фараби орталығы ашылды. Салтанатты шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар және сарай қызметкерлері қатысты.
Алматы, NEGE. «Әл-Фараби орталығының негізгі мақсаты - бүгінгі жас ұрпаққа әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың соңында қалған мол мұрасын, ғылымдағы мұрасын, тәрбие, музыка салаларындағы барлық еңбектерін жинақтап, оқушыларға түсіндіріп жеткізу. Абай бабамыз «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» деп айтқанындай, әл-Фараби бабамыздың әрбір жақсы қасиетін балалардың бойынан көргіміз келеді. Шынында да ол адам таңғалатын, осындай да мүмкіндік адам баласында болады екен-ау деп таңдай қағатын тұлға», - деді салтанатты шарада сөз сөйлеген әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.