Әл-Фараби ауданында профилактикалық рейд өтті

"Өрт қауіпсіздігі айлығы" аясында Шымкент қаласының барлық аумағында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Әлеуметтік қорғалмаған, көп балалы отбасыларға, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Шымкент, NEGE. Бұл бағыттағы жұмысты Әл-Фараби аудандық Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жүргізді. Аудан әкімі Р.Мыңбаев пен Әл-Фараби ауданы ТЖБ бастығы Б.Расулов Ескі қала шағынауданында тұратын отбасыларды аралап шықты.

Өзбек және Бостандық көшелеріндегі жоғарыда аталған отбасылар тұратын үйлерді тексеру бойынша бірлескен рейд барысында газ дабылқаққыштар орнатылды.

Отбасыларды аралау кезінде өрт қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылады. Ересектерге жылыту пештері мен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері еске салынады.

Көп балалы отбасының ата-аналарын балаларын қараусыз қалдырмауға, оларды отпен абайсызда жұмыс істеуден және балалардың тентек қылықтарынан сақтандыруға, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда қалай әрекет етуге және өрт сөндіру қызметін шақыруға үйретуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді