Әл-Фараби ауданында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде

Әл-Фараби ауданының көшелерінде жол белгілерін жауып қалған және электр желілеріне тиіп тұрған талдардың бұтақтары кесілді.

Шымкент, NEGE. Аталған жұмыстар Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының нұсқамасына сәйкес атқарылуда.

Сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары ауданның көпқабатты үйлерінің ауласында да жүргізілуде.Себебі ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін.

Аудан аумағындағы аулалардағы ағаштарды ретке келтіру және кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы