Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Аталмыш мемлекеттік сыйлық ғылыми жаңалықтар ашқан, жаңа технологиялар ойлап тапқан ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми – техника және инновация бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан мамандарға беріледі.

2021 жылы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткер 16 жұмыс келіп түскен. Алдын ала іріктеуден кейін оның 10-ы екінші кезеңге өткен.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия аталмыш мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыстар тізбесін бекітті. Енді әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлық жобасы әзірленетін болады.

Атап өту керек, әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника саласындағы ғалымдар үшін ең жоғары марапат.

 

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды