Әлеуметтік желідегі танысының шотынан ақша жымқырған астаналық қыз анықталды

Әлеуметтік желідегі танысының шотынан ақша жымқырған астаналық қыз анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны жүгініп, оның шотынан ақша ұрланғанын айтып арызданған. Ол әлеуметтік желі арқылы 22 жастағы елордалық қызбен танысқанын айтты. Біраз уақыт онлайн хат алмасудан кейін, ол бикешті жеке кездесуге шақырған. Кафеде басталған отырысты жастар қонақүйде жалғастырған. Таңертен ер адам ұйықтап жатқан кезде, қаскүнем оның шотынан 640 мың теңгені басқа шотқа аударып, бөлмеден қашып кеткен.

«Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қызды анықтады. Ол кафеде шот төлеу кезінде жігіттің банктік қосымшасындағы құпия кодты көріп алғанын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қыздың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді