Әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Ұсталған 34 жастағы ер адам әзірге алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Тергеу кезінде күдікті азаматқа Талдықорған қалалық соты қамауда ұстауға санкция берді.

– Күдікті Алматының тұрғыны. Тергеу материалдарында әзірге талдықорғандық бес жәбірленуші бар. Ер адам қылмыстық мақсатта құрылыс материалдары мен түрлі дәнді дақылдарды сатып алу, сатуды жүзеге асыратын түрлі қосымшаларды қолданғаны анықталды. Яғни түрлі келіссөз барысында ол сатып алушы, делдал және сатушы ретінде әрекет етті. Бес дерек бойынша жалпы шығын 2 млн теңгеден асты, – деді Талдықорған қалалық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қабжасаров.

Тергеу барысында ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады