Әлеуметтік сала қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты он мекеменің 146 әлеуметтік сала қызметкері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар-тренингке қатысуда.

Шымкент, NEGE. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған семинардың басты мақсаты халықпен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін сала мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдау. Себебі халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жасау барысында түрлі жағдайларда азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу маңызды рөл атқарады.

Семинар-тренинг карантиндік талаптарды сақтау мақсатында ZOOM желісі арқылы онлайн өтіп жатыр. Мамандардың жұмыс сапасы мен біліктілік деңгейі алдағы уақытта да бақылауға алынып, мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады