Әлемнің ең қымбат қаласы анықталды

Әлемдегі ең қымбат қала Тель-Авив екен.

Алматы, NEGE. Британдық «Economist Group» компаниясының сарапшылары 173 шаһардың рейтингін құрған. Негізі, былтыр Тель-Авив бұл тізімде бесінші орында тұрған еді. Алайда биыл израильдік шекельдің долларға қатысты бағамы өскен. Азық-түлік пен жол ақысы да қымбаттаған. Жалпы, өмір сүру деңгейі қымбат шаһарлардың бұл жолғы бестігіне Тель-Авивтен бөлек Париж, Сингапур, Цюрих пен Гонконг кіріп отыр. Сарапшылар рейтинг құрғанда, азық-түлік бағасы, пәтер ақысы секілді көрсеткіштерді ескереді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды