Әлемдік федерация Алан Құрманғалиевтің жетістігін атап өтті

Халықаралық үстел теннисі Федерациясы (ITTF) 2023 жылды қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Әлемдік ұйым көптеген жарқын оқиғалардың ішінен қарағандылық Алан Құрманғалиевтің (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) жетістігін ерекше атап өтті.

Ол биылғы маусымда жекелеген разрядта ең көп жеңіске жеткен (356),  көп матч өткізген (108) және жоғары ұпай жинаған (5035) ойыншы атанды. 

Айта кетелік, Алан Құрманғалиев биыл тұңғыш рет ересектер арасындағы жазғы Азия ойындарына да қатысқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты