Әлемдік БАҚ: Айсұлтан неден қайтыс болды?

Financial Times газеті Қазақстанның бірінші президентінің немересі Айсұлтан Назарбаевтың кокаинді мөлшерден тыс тұтынғаннан көз жұмғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE.  Газет мәліметінше, Айсұлтан Назарбаев FT басылымына берген сұхбатында «білетіні» жайында айтуға әзір екенін жеткізген. Кіші Назарбаев қазақстандық оппозиция өкілдерімен байланысқа шығып, мұнай саласындағы жемқорлық сызбасын жария еткен. Сондай-ақ жемқорлыққа отбасы мүшелері мен Кремльден кімдердің қатысы барын да айтқан.

Газет зерттеген құжаттардағы кей мәліметтер Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі айтқанымен бірдей.

13 ақпан күні Айсұлтан Назарбаев Facebook парақшасында «Ресей мен Қазақстан билігі арасындағы ауқымды жемқорлық» туралы ақпараты бары туралы жазған еді. Желідегі жазбасында қазақстандық газдың Ресей «Газпромына» «бақыр тиынға» сатылып жатқаны туралы жазған болатын.

16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаевтың жүрегі тоқтап көз жұмғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?