Әлемдегі миллионерлер қатары бір жылда 5 млн-ға артты

Коронавирус дағдарысына қарамастан, былтыр әлемдегі миллионерлердің қатары 5 миллион адамға артқан.

Алматы, NEGE. Басым бөлігі АҚШ, Қытай және Австралия елдерінен көрінеді. Арнайы зерттеу жүргізген швейцариялық банк мамандары осындай қорытынды жасады. Бүгінде әлемдегі дәулеттілердің саны жер бетіндегі халықтың 1 процентінен асады екен. Байлардың артуына мемлекеттік қолдау, жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауы мен қор нарығының қалыпқа келуі әсер етіпті.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады