Әлемдегі ең қымбат қалалар анықталды

Цюрих пен Сингапур әлемнің ең қымбат шаһарлары деп танылды. Рейтингті британдық сараптамалық компания өкілдері жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Онда үй жалдау, азық-түлік, киім-кешек, емделу, көңіл көтеру, қоғамдық көлік бағалары салыстырылған. Мамандар бір жыл ішінде өмір сүруге қажетті қаржаттың көлемі 7,4 процентке өскенін айтады. Оған геосаяси ахуал, инфляция мен климаттың өзгеруі әсер еткен. Жалпы Еуропада көңіл көтеруге және қоғамдық көлікке көп ақша жұмсалады екен. Ал АҚШ-та коммуналдық төлемақы қымбат. Азияда азық-түлік пен ішімдік бағасы жоғары болып шықты. Әлемнің 173 ірі шаһарынан құрылған тізімнің соңында Сирия тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті