Әлемдегі ең қымбат футболшы Қазақстанға келеді

Футбол ойыны бойынша әлем чемпионы болған Франция құрамасы Әлем Чемпионаты – 2020 квалификациясының басталуы аясында Қазақстан құрамасымен бірге ойнайтын құрамды таныстырды.

Алматы, NEGE. Матч 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Әлем чемпионының бас тренері Дидье Дешамп Қазақстанға мықты құрамды алып келуге құлшынып отыр. Оның ішінде әлемдегі ең қымбат футболшы Килиан Мбаппе бар. Оның қазіргі құны – 180 млн еуро. Сондай-ақ, бұл құраммен Поль Погба, Мусса Сиссоко, Усман Дембеле, Оливье Жиру, Антуан Гризманн сияқты танымал француз футболшылары келеді.

 Ал Қазақстан құрамасындағы ең қымбат футболшы мәскеулік «ЦСКА» көшбасшысы Бақтияр Зайнутдинов болса, оның құны 3,5 млн евро.

Сонымен, Қазақстан құрамасында қақпада Александр Мокин («Тобыл»), Стас Покатилов («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мухамеджан Сейсен («Тараз») ойнаса,

қорғаушылар – Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин («Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Нұралы Алип («Қайрат»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Тимур Рудосельский («Лори Ванадзор», Армения), Дмитрий Шомко («Ротор», Россия), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Бахтияр Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев ( «Тобыл»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей), Айбол Әбікен, Данияр Үсенов («Кайрат»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев, Эльхан Астанов («Ордабасы»), Максим Федин, Максим Самородов («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Крылья Советов», Ресей), Рамазан Каримов («Каспий»).

Айта кету керек, Нұр-Сұлтанда өтетін бұл матч Қазақстан үшін алғашқы іріктеу циклы. Ал Франция бұдан кейін Украинамен ойнайды. Ал қазақстандық команда Нұр-Сұлтанда өтетін матчтан кейін 31 наурыз күні Украинамен бақ сынасады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?