Әлемдегі ең бай адамның табысы қанша?

Жер бетіндегі ең бай адамның табысын білгіңіз келе ме?

Алматы, NEGE.  Әлемдегі ең бай адам, америкалық Amazon компаниясының басшысы Джефф Безостың қалтасы тағы қалыңдады. Forbes мәліметінше, бұл жолы оның табысы 199,7 млрд долларды құрады. Коронавирус пандемиясы басталғалы миллиардер басқаратын компанияның құнды қағаздары 55 процентке өсіпті. Ал Безоске бұл компания акциясының 11 проценті тиесілі. Жалпы, соңғы 12 айда Amazon иесі $86 млрд табыс тапқан. Осылайша Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдардың арасында көш бастап тұр.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты