Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туын жарқырата көрсетті

Әлемдегі ең биік ғимарат — 828 метрлік «Бурдж-Халифа» мұнарасы Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесіне орай көк түсті мемлекеттік тумен жарықтандырылды.

Бурдж-Халифа ғимаратының инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Иллюминация Республика күніне арналған құттықтау ретінде ұйымдастырылды. Бейнежазба Қазақстанның Дубайдағы консулдығының ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Айта кетсек, Қазақстан туы алғаш рет 2022 жылы Тәуелсіздік күніне орай осы мұнараға проекцияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты