Әлемде соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны артып бара жатқанын айтып, дабыл қақты. Статистика бойынша бір күнде 106 мың адамнан қауіпті вирус анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Пандемия басталғалы бері мұндай дерек тіркелмеген екен. Науқастардың басым бөлігі АҚШ, Бразилия, Ресей мен Үндістан елдерінен. Ұйым өкілдері халықтың әл-ауқаты төмен мемлекеттерде де індеттің дендеуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша бүгінде әлем бойынша 4,8 млн адам вирус жұқтырған. 324 мың науқас осы дерттен көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды