Әлемде маймыл шешегі өршіп барады

Осы сәтке дейін жұқтырғандар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Тағы 100-ден астам адам ауырды деген күдікке ілінді. Қазір олар жан-жақты медициналық тексерістен өтіп жатыр. Жаңа мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратты.

Ұлыбританияда 90, Испанияда 84, Канадада 26, АҚШ-та 9, Францияда 7, Италияда 6 науқас анықталған. Италияның Денсаулық сақтау министрлігі вирус үшін осал топтарға вакцина салынатынын жеткізді.

Ал Канада үкіметі ауырған және күдік тудырған тұрғындарға бүгін екпе салуды бастайтынын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін