Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 8 млн асты
Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 8 122 933 жағдайы анықталған, 439 061 адам көз жұмған және 4 213 284 адам жазылған.
Алматы, NEGE. Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (2 182 950 адам ауру жұқтырса, 118 283 мың адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Бразилия (891 556, 44 118), үшінші орында - Ресей (сәйкесінше 537 210, 7091), төртінші орында - Үндістан (343 026, 9915), бесінші орында - Ұлыбритания (296 857, 41 736), алтыншы орында – Испания (291 189, 27 136), жетінші орында – Италия (237 290, 34 371), сегізінші орында – Перу (232 992, 6860), тоғызыншы орында – Иран (189 876, 8950), оныншы орында - Германия (188 044, 8885).