Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 млн адамнан асты

Эпидемия басталғалы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 006 033 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Бұған АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің мәліметі дәлел. Ал вирустан жазылғандар саны 19 625 959 адамға жетті. CoViD-19 расталғандар саны бойынша АҚШ көш басында тұр – 6 519 979 адам. Екінші орында – Үндістан.

Мұнда 4 846 427 адамнан вирус анықталған. Үштікті Бразилия қорытындылайды – 4 330 455. Кеселден жазылғандар саны жөнінен Үндістан бірінші орында (3 780 107), екінші орында – Бразилия (3 723 206), үштікті АҚШ түйіндеп тұр (2 451 406).

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты