Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты.

Алматы, NEGE. Мұндай деректерді 29 қарашада таңертең америкалық Джонс Хопкинс университеті келтіреді.

Университет мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирус анықталғандардың жалпы саны 62 150 421 адам, 1 450 338 адам қайтыс болды.

Әлемде вирус жұқтырғандар саны АҚШ-та (13 233 022) ең көп. Сондай-ақ, жағдай ушығып тұрған елдер тізімінде Үндістан (9,35 миллион), Бразилия (6,23 миллион), Франция (2,26 миллион) және Ресей (2,22 миллион) кіреді.

Кеше, 28 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш тіркеді: әлемде 747 082 жаңа жағдай анықталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды