Әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны артты

БҰҰ-ға қатысты бірқатар ұйымдардың есебіне сәйкес, 2019 жылы әлемде шамамен 690 миллион адам аштықтан зардап шеккен.

Алматы, NEGE. Әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны артуда. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ), БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) және басқа да ұйымдар дайындаған баяндамада айтылған.

2019 жылы жер бетіндегі 690 миллион адам тамаққа жарымай отыр, делінген құжатта. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10 миллион адамға көп, ал бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 60 миллионға көп.

Сонымен қатар, 2019 жылы «азық-түліктің орташа немесе мол көлемде жетіспеуінен» зардап шеккендердің саны шамамен 2 млрд адамды құраған, деп хабарлады баяндама авторлары. Коронавирус пандемиясы жағдайды одан сайын ушықтырды дейді мамандар. Пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыс өндірістік тізбектерге ғана емес, сонымен қатар жер бетіндегі тамақ өнімдерінің таралуы мен тұтынылуына да әсер етті.

«COVID-19 пандемиясының денсаулыққа, әлеуметтік және экономикалық салаларға әсері азық-түлік қауіпсіздігі деңгейінің одан әрі төмендеуіне және ең осал топтардың тамақтану жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін», деп ескертті БҰҰ.

Егер қазіргі үрдіс жалғасатын болса, онда 2030 жылға қарай әлемде ашыққандар саны 840 миллион болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті