Әлемде әрбір 24 секунд сайын бір адам жол апатынан қаза болады

Жыл сайын жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан әлемде 1,3 миллион адам мерт болады, яғни әр 24 секундта бір адам қаза табуда.

Алматы, NEGE. Миллиондаған адам жарақат алады немесе мүгедек болады. Бұл мәселе БҰҰ Бас ассамблеясының жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған отырысында талқыланып жатыр, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар қызметі. «Жол-көлік оқиғасы – дөңгелегі бар тыныш эпидемия сияқты. Бұл кездесу – нақты шаралар қабылдауға және прогресске жету үшін өте маңызды мүмкіндік», – деді БҰҰ Бас хатшысы.

 БҰҰ басшысы атап өткендей, жол-көлік оқиғасы әлемдегі 5-29 жас аралығындағы жастардың өлімінің ең көп таралған себебі. 10 құрбанның тоғызы орташа және табысы төмен елдерге тиесілі. Бас хатшы Антониу Гутерриш жолдағы өлім-жітім инфрақұрылымның нашарлығына, дамымаған урбанизацияға, денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігіне және ел ішіндегі және мемлекеттер арасындағы теңсіздікке байланысты екенін атап өтті. «Жол-көлік оқиғалары жанұяларды асыраушысынан, табыс көзінен айырып, ұзақ уақыт медициналық көмекке мұқтаж етуі мүмкін», – деді БҰҰ басшыы. Гутерриш мемлекеттерді жолдарын жақсартуға шақырып, тегіс жолдардың тұрақты дамуға апаратынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде зауытта жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды