Әлемде аптап ыстық жиілей түседі

Бұл кемі 2060 жылға дейін жалғасады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері осылай деп отыр.

Алматы, NEGE. Олар Еуропаны мысалға келтіреді. Қазір құрлықта күн шыжып тұр. Испания мен Португалияда биыл бір жарым мыңнан аса адам көз жұмды. Ұлыбритания мен Францияда температуралық рекорд орнады. Мамандар бәріне климаттың өзгеруі себеп дейді. Сондықтан әлем басшыларын қазба отынын пайдалануды азайту секілді шараларды қолға алуға шақырып жатыр. Әйтпесе климаттық дағдарыс салдарынан денсаулық сақтау саласына жүктеме артатынын ескертеді. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті