Әлемде 671 424 адам вирус жұқтырған
Соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671 424 адам вирус жұқтырған.
Алматы, NEGE. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74 205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30 956-ға жетті.
Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3 621 адамға өсті. Бұл дерттен сауығып кеткендер саны – 145 586. Дертінен айыққандар саны соңғы бір тәулікте 10 868-ге өсті.