Әлемде 317 миллион адам ковид жұқтырған

Бейсенбі күні таңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны 317 700 427-ге жетті. Бұл туралы мәліметті әлемдегі ең маңызды оқиғалар туралы статистикалық мәліметтер жинайтын Worldometer порталы жарияла

ған.

Алматы, NEGE. ҚазАқпарат таратқан ақпаратқа қарағанда, әлемде коронавирус тарала бастағаннан бері бұл қауіпті вирустан 5 531 439 адам қайтыс болды. 20 миллионнан астам тұрғыны індет жұқтырған елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

АҚШ коронавиусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бойынша көш бастап тұр. Мұнда COVID-19 жұқтырған 64 359 409 және осы аурудан көз жұмған 866 891 адам анықталды.

Үндістан вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. Онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 36 317 927-ге жетті, елде вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 485 035.

COVID-ке шалдыққандар саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 22 718 606 адам вирус жұқтырып, соның ішінде 620 507 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр